Бәрі де артта қалды ма,
Жаным ау бағың жанды ма.
Сағыныш болып күн сайын,
Келерсің көздің алдына.
Екі жаққа екеуміз,
Кетерміз енді нетерміз.
Бақытқа бәлкім жетерміз,
Өкініп мүмкін өтерміз.
Қайырмасы:
Айналған бұлдыр елеске,
Біздің махаббат емес пе.
Сезімнің сұлу сырларын,
Сақта мәңгі сен есте
Есте сақта бір жүрген бақтарды,
Есте сақта сол ғажап шақтарды.
Есте сақта екеуміз көз ілмей,
Армандап қарсы алатын ақ таңды.
Есте сақта мен жазған хаттарды,
Есте сақта сол ғажап шақтарды.
Енді сені сол ғана тербейді,
Өзгесі оралып келмейді.
2.Бола алмасаң да жан жарым,
Сен жүрегіңе алма мұң.
Кешегі келмес күндерді,
Есіңде сақтап қал жаным.
Орала алмайсың білем мен,
Бақытың өзге біреумен.
Сонда да өмір сүрем мен,
Өзіңе бақыт тілеумен
Қайырмасы:
Айналған бұлдыр елеске,
Біздің махаббат емес пе.
Сезімнің сұлу сырларын,
Сақта мәңгі сен есте
Есте сақта бір жүрген бақтарды,
Есте сақта сол ғажап шақтарды.
Есте сақта екеуміз көз ілмей,
Армандап қарсы алатын ақ таңды.
Есте сақта мен жазған хаттарды,
Есте сақта сол ғажап шақтарды.
Енді сені сол ғана тербейді,
Өзгесі оралып келмейді.