Бір сұлу ға арнадым,бір сұлу өлең,
Кейіпкері кім,шыныменен?
Ән жырымның ырғағы сәйкес келеді,
Жүрегінің дүрсіліменен!
К/сы:
Шалқып көңіл,шаттық үйінсін,
Әсем,әуен тәтті күйімсің.
Көңіліме түрлі ой салған,
До Ре Ми Фа Соль Ля Си-імсің!
Көңіліме түрлі ой салған,
До Ре Ми Фа Соль Ля Си-імсің!
Саз төгеді сан түрлі махаббатты ерте,
Есіміңді атап өткенде.
Сақтаулы тұр 7әріп,7 әуен болып,
Жүрек дейтін,нота дәптерде.
К/сы:
Шалқып көңіл,шаттық үйінсін,
Әсем,әуен тәтті күйімсің.
Көңіліме түрлі ой салған
До Ре Ми Фа Соль Ля Си-імсің.
Көңіліме түрлі ой салған,
До Ре Ми Фа Соль Ля Си-імсің!
Ескендірдің әніндей естілген елге,
Махаббатың ескірмеген бе?
Күмбірлеген кеудемнің сол жағындағы,
Соль кілтіңді ешкімге берме!
К/сы:
Шалқып көңіл,шаттық үйінсін
Әсем,әуен тәтті күйімсің
Көңіліме түрлі ой салған
До Ре Ми Фа Соль Ля Си-імсің. 2 рет