Еліңе ерекше едің дарынды дара туылған,
Аз өмірінде қайғы-қасіреттен көз ашпаған.
Артыңда қалған сенің арманың көп,
Қиялдап мақсатыңа жете алмаған.
Іздеумен орныңды тіршілікте, үзілмей үміт
Шөлдің-ау тағдырдың ашшы-тұзшысына да көніп.
Сонда да сенің күнің санаулы екен,
Өмірдің бұлай боларын кім білген...
Қ-сы:
Әніңді айтқанда аңсаймыз
Еске алып ақ көңіліңді,
Ақыретке қимаймыз.
Ғұмырың қыршындай үзілген,
Жай таппай сен жалғанда,
Көкпен жер арасында!