Өсірген өздерің еркелетіп
Бар бақытын өмірдің үйіп-төгіп
Парызымнан құтыла алмаймын
Меккеге алып барсамда көтеріп
Мəні бар сөздің ата-ана қадірін
Балалы болғанда білер екенсің
Айналайын əке ана екеуің
Бақытты іздеп ұрсып жүргендерің
Аман болыңдаршы
Жадырап жасарып
Көргендерің бұл жалғанда
Тілегіміз біздің
Қыздардың қызығын
Ұлдарыңның рахатын
Байқамай бағаламадық сіздерді
Балалықпен қайтардықта сөздерді
Сонда да ойлағандарың балларың
Ауырмай жүрсінші деп уайымдарың