Сөзi: Т.Қажыбаев
Әсем әуен дала кезiп барады,
Ару балқып, жiгiт төмен қарады.
Селт етерлiк сезiм кеттi сел болып,
Домбыраның күй төккенде шанағы.
Перне қуған, сүйрiк саусақ салалы,
Кейдe желiп, кейде орғып шабады.
Сала құлаш шанағынан сыңсыған,
Аққу ұшып, қаздар қайтып барады.
Тұлпардың дүбiр қаққан тұяғы,
Көкiрекке сырлы сарын құяды.
Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр-ау,
Шанағына қалай ғана сияды?