Шет жүрсем – сағынарым
Жабықсам – шағынарым
Анашым бір өзіңсің – табынарым
Қайырмасы:
Анашым шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсем
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмын
Бәйгеге өзің қосқан – тұлпарыңмын
Қайырмасы.
Қорғаным – өзің деймін
Жан дауа – сөзің деймін
Анашым сені ойласам – көз ілмеймін