Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
1. Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
Су тартылған теңізден, жылғалардан.
Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,
Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан?
Қайырмасы:
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма,
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға.
2. Өтеді ғой...
Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына.
Менің жаным ашиды барлығына:
Таң нұрына, адамның тағдырына.
Қайырмасы:
Менің жаным ашиды өткендерге,
Жаңа ғана өмірге жеткендерге.
Ұран жазып аспанға қойсам ба екен:
"Енді сендер өмірден өтпеңдер!" — деп?
3. Бәрі өтуде,
Күн батып, кеш кіруде.
Жаңаруда дүние, ескіруде.
Болашақтан бейтаныс ұрпағымыз
Босат деп тур орнымды,
Қайырмасы:
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма,
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға.