Айжігіт Асанов Батыр Баян минус

00:00 / 03:48
Loading
Скачать
1
2112
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 6 Мб 224 кбит/с
Загружено: Айжигит @ 27.09.14
Текст песни «Батыр Баян»
  
Әні: Айжігіт Асановтікі
Мәтіні: Бақытжан Шеріпханов пен Айжігіт Асановтікі

-1-
Бабам менің ардақты,
Арыстандай айбатты.
Қарсы келген жауларын,
Жолбарыстай жайпапты!
Асқар арлы арланым,
Тәңір берген тарланым.
Ат үстінде күн кешкен,
Ойлауменен ел қамын!
Қорғап қазақ аспанын,
Құрбан етіп хас қанын.
Қаһарымен қақтаған,
Қарсы шыққан қас-жауын!

Қ-сы:    Батыр Баян, Ер Баян,
Қандыбалақ Ер Ноян.
Баһадүрі қазақтың,
Батырлығың елге аян!

-2-
Алмас қылыш қолға алып,
Ұрандатып топ жарып.
Ерлігімен еліне, 
Аңыз болған ер алып!
Даңқын елдің асырған,
Жаудың құтын қашырған.
Құдіретті Абылай,
Қаһарман деп таныған.
Алла қолдап жебеген,
Қайсар едің не деген!
Қазағымның намысын,
Түсірмедің төбеден!
Қ-сы:

-3-
Шаттан, қазақ, күлімде,
Өлмес мүсін түрінде.
Баян баба әруағы
Асқақтады бүгінде!
Ерлікті ер жалғасын,
Қыран қанат талмасын.
Күлімдеген күн көзін,
Қара бұлт шалмасын!
Ел тілеуін тілеген,
Заманға сай түлеген.
Мүсініңді орнатты,
Заңғар көкті тіреген!
Қ-сы:
Текст добавлен: Айжигит
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.