Nasr aka Tabynai Сөз салуға минус

00:00 / 03:39
Loading
Скачать
0
630
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 6,6 Мб 256 кбит/с
Загружено: tabynai @ 01.01.16
Текст песни «Сөз салуға»
  
Жиып алып жүректің, жып-жылы жыр маржанын,
Толқынып тебіреніп мен, өзіңе жыр жазамын.
Жүзіңнен ізгі ниет, жалындап көрініп тұр.
Мен сені сүйіп өтем, көктемгі қызғалдағым.

Сыңарығып жазса егер, сыныңнан өтер едім.
Келеді мен өзіңді, бақытқа жетелегім.
Жанымда болсаң болды, мен барда бұл өмірде.
Қалғаны түкке тұрмас, мойымай көтеремін.

Еш бағасы тең келмес, өзгеге теңеуге шын.
Мен өзіме іздеп таптым, сұлудың ерекшесін.
Бір көріп таңдадымда, болашақ бақытымды.
Сен мендік махаббатқа, осылай себепшісің.

Сәт сайын саған қарай, көргім кеп асығамын.
Сен едің жалғыз дана, сарқылмас асыл әнім.
Сені сүйіп сезім дәмін, алаңсыз татқаннан соң.
Сыймаған арнасына, өзен болып тасынамын.

***
Жанарыңнан жас тамып, қуанып жылып жүрме.
Махаббаттың аспанын, нұрландырамыз бірге.
Мен кешке келем гүлмен, өзіңе сөз салуға.
Дайын бол қобалжымай, кетеміз ауылға.

***
Саған арнап жазамын, ең соңғы өлеңімді.
Біле тұра сені қайта, бәрі-бір көрерімді.
Ұялшақтанып тұрасың, қашанда кездескенде.
Төмен қарай түсіріп, мөлдіреген көздеріңді.

Жүргеніңді қалаймын, жанымда күлімсіреп.
Менің жаным тек жалғыз, сен үшін өмір сүрет.
Мен жүрсемде мұңайып, сенің көңілің түспесін.
Әр қашанда жүргейсің, қуанып күлімсіреп.

Жүрек шіркін дегенін, қалайда орындатар.
Қалаулары көп жанның, дегенімен болып жатар.
Жаным менің қалауым, жалғыз тек өзіңменен.
Өмір бойы өлгенше, қасыңда жүрсем қатар.

Шын сүйгендер еш қашан, бірін-бірі жылатпайды.
Бір жанның жүрегіне, таңба болып тұрақтайды.
Әр жүрекке асыр сап, жеңілтектей жүрген жанды.
Жаратушы Алланың, өзіде ұнатпайды.

(c) Nasr aka Tabynai [2016]
Текст добавлен: tabynai