Nasr aka Tabynai Ұмытпаймын сені минус

00:00 / 03:12
Loading
Скачать
0
975
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 7,3 Мб 320 кбит/с
Загружено: tabynai @ 31.08.15
Текст песни «Ұмытпаймын сені»
  
|-Devle Time:

Сағына берем сағынам сені.
Кешірілместей қате мендегі.
Сезімге жіпсіз үміт байладым.
Кешірші жаным кешір тек мені.

Елестеп бейнең кетпей алдымнан.
Армандап сені үнсіз сағынам.
Ұмытайын десем ұмыта алмаймын.
Жазғырма мені саған жалынам.

Өмірді бастап басынан берсе.
Өткен күндерім қайтадан келсе.
Ағаттығымды қайталамаспын.
Арманым болмас саған үйленсем.

Кешірші жаным кешірші мені.
Түсірдім білем төмен еңсеңді.
Дәрменсіздеумін сенің алдыңда.
Сонда да әлі сүйемін сені.

Vocal

Ұмыта алмаймын ұмытпаймын сені.
Баяғы бірге жүрген күндерді.
Сағынам сені үнсіз сарғайып.
Барлығы үшін кешірші мені.

||-Devle Time:

Сағына берем сағынам сені.
Өзіңнен қалған естеліктерді.
Есіме алып мұңға батамын.
Сол бір баяғы ескі күндерді.

Өмірді көріп шыңдаласың.
Жазамын жүректің жарасын.
Өмір сүремін аңсаумен сені.
Амандық тілеймін махаббатым.

Дертімді қалай жасыра алам.
Басыма ауыр күн туса маған.
Екеуміз түбінде қосыла алмадық.
Жұлдыздай ыдырап шашыраған.

(c) Наср Табынаев
Текст добавлен: tabynai