Дедимайау
Айналауйын, ақ жүзің айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ, дедімай – ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедімай – ау.
Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау.
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сізбен бізге білінбей-ау.
Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедімай,-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедімай-ау.