Сыйластық гүлдей бүр ашып,
Бауырмалдыққа ұласып.
Арғы атаң ырлы қазағым,
Тұрайық саулық сұрасып.
Қ-сы
Құбылған мынау заманда,
Амандық керек адамға.
Қалайсың қайсар қазағым,
Үй ішің тегіс аман ба?
Маған да, саған, оған да,
Татулық керек ғаламға.
Жан жағың,тума туысың.
Мал жаның түгел аман ба?
Ауырмай әкең анаң да,
Күлімдеп жүрсе балаң да.
Бәріміз бізбен сіз болып,
Сыйласа білсек жаман ба?
Қ-сы
Жақсы күндердің бәрі алда,
Тек думан болсын далам да.
Азаптан көзін ашпаған,
Қазаққа берсін бақ Алла.
Қ-сы
Құбылған мынау заманда,
Амандық керек адамға.
Қалайсың қайсар қазағым,
Үй ішің тегіс аман ба?
Маған да, саған, оған да,
Татулық керек ғаламға.
Жан жағың,тума туысың.
Мал жаның түгел аман ба?