Сен сұлусың ешкімнің жоқ таласы
Түннен тыныш көздеріңнің қарасы
Жанарыңа бар әлемді сидырған
Жаратқанның кереметін қарашы
Жанарыңда мөлдір әлем тұнады
Қылықтарың жаным қатты ұнады
Бұл өмірде бәрі жұп боп жаралған
Боласың ба жүрегімнің сыңары
Мүмкін емес сені жүріп ұнатпай
Кездесейік жүректерді жылатпай
Арманым жоқ соңғы демім үзілсе
Көздеріңе қарап тұрып тіл қатпай
Жанарыңда мөлдір әлем тұнады
Қылықтарың жаным қатты ұнады
Бұл өмірде бәрі жұп боп жаралған
Боласың ба жүрегімнің сыңары