Айна көлдің мөлдіріндей, мөлдіріндей,
Қайран күндер, ораласың ойға.
Алатаудың сеңгіріндей, сеңгіріндей,
Асау жүрек, талпынасың айға.
Қайырмасы:
Сағым көшкен сары белдей, самал желдей арман,
Тебіренші телегейдей, жалған,
Жанарымда ай мен күндей шыр айналған.
Аққан жұлдыз сәулесіндей, сәулесіндей,
Арман өмір, асығасың қайда?
Домбыраның пернесіндей, пернесіндей,
Екі ішегің үзілгенше сайра!