Әнi/сөзі: Шынберген Сүлейменов
1.Сұлулық көрдім бір қыздан
Аумайтын жарық жұлдыздан
Еліктей еркелегенде
Еріксіз мойын бұрғызған
***
Болған да сұлу сен Жібек
Төлеген болып елжіреп
Мен қалып сен кете бардың
Ақ көйлегін желбіреп
Ботадай көзің мөлдіреп
2.Қызғалдақ гүлдей ашылғаны
Көзіме оттай басылған
Көрсенде көрмеген болып
Елемей өтті қасымнан
***
Болған да сұлу сен Жібек
Төлеген болып елжіреп
Мен қалып сен кете бардың
Ақ көйлегін желбіреп
Ботадай көзің мөлдіреп
3.Үйіңнің күнде алдына
Телміріп күттім таңды да
Жүрегін қаламағанмен
Жанарда бейнем қалды ма
***
Болған да сұлу сен Жібек
Төлеген болып елжіреп
Мен қалып сен кете бардың
Ақ көйлегін желбіреп
Ботадай көзің мөлдіреп
~ КаптейнСтар ~