Әні: Өмірзақ Махамбет
Сөзі: Шадияр Есенәлі
Түсін мені
Жарығым түсін мені
Көңілсіз күйде болмай
Ұмытып мерекеңді
Қалғанда сый бере алмай
Білмеймін саған тіпті
Ұнайды кино қандай
Жігітің екеніме
Жүрмін-ау үйрене алмай
Қ/сы
Алаулайды кеудеде қызыл жалын
Махаббаттың табайық біз ырғағын
Әдемі нәп-нәзік гүл
Сәт сайын хат жазып тұр
Ұмытамын әйтпесе қызым барын
Басқаға көз саламын
Ұғарсың айым мұны
Сезімді ойыншық қып
Ойнаймын ойынды ұлы
Келеді сені сүйгім
Бар ма оның дайындығы
Есіме түсіп тұрма
Үйлену тойым күні