Ұстазым менің
Әні. А. Дүйсенов сөзі. Б. Шомбеков
Тыңдаған көңілдегі толғамымды
Шындаған тәрбием мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сия (а)лады
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
Өнердің мен білмейтін қатпарларын
Бойыма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
-----------------------------------------------
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде