Арылмаймын сол баяғы тұйық ойдан,
Жүрегің басқа жанды сүйіп қойған.
Тіпті анау шиедейін еріндерің,
Кеседен басқа жерге тиіп қойған
2 Х
Екі жаққа кеткенбіз жырақ,
Әр кім өз жолымен.
Қолдарың байланған бірақ,
Өзге жанның қолымен.
Мұңға баттым қолымда ақ парақ,
Өлең жазып онымен.
Сырларымда іштегі ақтарам(ын),
Жеңілдеймін сонымен.
Қайырмасы:
Арылмаймын сол баяғы тұйық ойдан,
Жүрегің басқа жанды сүйіп қойған.
Тіпті анау шиедейін еріндерің,
Кеседен басқа жерге тиіп қойған
4 Х