Нұрлыхан Әлиев Арқанын аруы Айсұлу Ожидает модерации

00:00 / 05:13
Loading
Скачать
0
3
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус
Свойства файла: 7,1 Мб 192 кбит/с
Загружено: Медет Хамитов @ 23.09.24
Текст песни «Арқанын аруы Айсұлу»
  
Арқанын керім кешінде, жаным, кездестік,
Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк.
Білектей бұрым, беліңе дейін бұралып,
Төгіліп тұрды-ай, көрініп тұрды-ай көзге ыстық.
 
Қызарып барып кірпігін күнде жапты әрең,
Жарық жалғанмен қоштасып үнсіз жатты әлем.
Жұлдызды аспанды жанарына алған сыйдырып,
Айға ұқсап туған арманым, неткен, әппақ ең!
 
Балдай қылығың бағаңды бірден арттырып,
Жанымды өртедің, жанарыңды оттай жалт бұрып.
Әппақ арманым, бұрала билеп жүрдің сен,
Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.
 
Балауса сезім көңілге сеуіп балдай мұң,
Батқан күнменен кеткендей көшіп бар қайғым.
Жүзіңнен сенің үзіліп түскен нұрменен,
Үлбіреп тұрған үміттерімді жалғаймын.
 
Сыңар боп туған шығарсың мендік мұңмен сен,
Шіркін-ай саған аспаннан үзіп гүл берсем.
Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем...
Текст добавлен: Медет Хамитов
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.