Оранды өзіңді ойлап жан алауға
Сан қырды сағынышым аралауда
Теңізін тәуекелдің кешсем бекен
Сен жүрген жету үшін жағалауға
Табайын жолын қалай?
Ұмытам бәрін де оңай
Жаным қалай?
Жүректің бағынамын қалауына
Бұйрығын ақылымның орындамай
Орындамай
Мың күмән бір үмітпен күн кешермін
Сағыныш самалыңмен бірге есермін
Кездесіп қалсақ егер бір күндері
Үндемей жанарыңмен тілдесермін
Табайын жолын қалай?
Ұмытам бәрін де оңай
Жаным қалай?
Жүректің бағынамын қалауына
Бұйрығын ақылымның орындамай
Орындамай
Көз жұмып еріксізден бәріне біз
Алдамшы бақыт келер әлі де жүз
Бәрі бір боп қаламыз сен екеуміз
Ғашықтар әні де егіз жаны егіз
Табайын жолын қалай?
Ұмытам бәрін де оңай
Жаным қалай?
Жүректің бағынамын қалауына
Бұйрығын ақылымның орындамай
Орындамай
~ КаптейнСтар ~