АЛЫС АДАМ
сози,ДАСТАН МАТНИЯЗОВ,
ани,МЕДЕТ ХАМИТОВ,
Мені ойлашы күндіз де,түнде де сен,
Қуанар ем сезіммен жүлделесең,
Ғашықтықтың пайдасы шығар бәлкім,
Мұңға айналып кетемін іздемесең.
Ертелі кеш,есімді шығарасың,
Сені ойлаумен өткізем, түн арасын,
Мен ешкімге бермеймін,сені ешқашан,
Жүрегіңнен жылы орын сұрамасын.
Хабарласқым кеп отыр, тағы саған,
Қызғаншақтау жүрегім, әрі сараң, Шақырымдар бөлсе де арамызды,
Сені ұнатып қалыппын,алыс адам.
Негізін де,сенің де, көңілің бар,
Жарқ еткізіп тастардай өмірімді әр,
Әлде мен қәтелесіп тұрмынба екен,
Болып кетіп жүрмей ме,соңы мұңдар.
Алаң қылды-ау мазасыз,мына түнді-ай,
Сені ойлатып санамды жығатындай,
Сен маған сезіміңді айтпасаң да,
Өлеңдерің мені айтып тұратындай.
Таза адамың мен едім,сені ұғатын,
Ол махаббат мазасыз,мені ұратын,
Бұны өзің де сезерсің, жақсы оқысаң,
Осы өлең де жазылды, сенің атың.....