«Кешір мені»
Әні: Қ.Шілдебаев
Сөзі: И.Иса
1. Сағынышым қонды алыс,
Жүрек толы толғаныс,
Өзгермейді өйткені,
Өзгермейді болған іс.
Талай рет сезінген
Қымбат болар өзіңнен
Ешкімім жоқ ешкімім.
Қ-сы:
Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім.
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені, кеш күнім.
2. Бақытым боп тұр ма едің,
Мәңгі қатар жүрмедің.
Сенсіз жерде қуанып,
Сенсіз жерде күлмедім.
Айналайын көзіңнен,
Артық туған өзіңнен,
Бір жан жоғын білмедім.
3. Шықтым талай жолға алыс,
Көңілде көп толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Жүрдемесін жанымыз,
Саған деген сағыныш
Қазір маған қорғаныш