1) Айналатын асқақ арманға,
Періштедей пәк күнім.
Жанарыңа құя салған ба?
Бар ғаламның шаттығын.
Жүрегіме сені байлағам,
Сыңар қылып сезімге.
Арайланып кетер айналам
Сәл жымиған кезіңде
Күліп жүр күнде осылай жаным менің күрсінбе,
Күлкіңнен дәл сендегі сұлулықты көрсін де!
Жоқ әлде оңашада көздеріңе жас алып,
Мендегі жалғыздықты сен де сезіп жүрсің бе?!
2) Бір кешейік жаным екеуміз,
Махаббаттың айдынын.
Тілдесейік, жүрміз бекер біз,
Жанды билеп қайғы мұң.
Тұрады әр кез сенің есімің,
Жүрегімнің төрінде.
Тербеп мәңгі бақыт бесігін,
Күлімдеші, күлімде.