Ұнатып ем жалғыз сені
Самалды жел кешінде
Саған деген махаббатым
Бір көргенде келді ме?
Сен - менің бақытымсың
Іздеген өмірден
Көлде жүзген аққуымсың
Сұлулықты көздеген
Сенін сұлу көздеріңді
Ұмыта алмадым, жаным
Кінәм болса кешір мені
Кінәм - ғашық болғаным
Сен - менің бақытымсың
Іздеген өмірден
Көлде жүзген аққуымсың
Сұлулықты көздеген