Жан білмейтін мұңыңды
Досыңа айтқан сырыңды
Басқа адамнан естисің ертеңіне
Ешкімге сыр алдырма
Дос боп тұрып алдыңда
Айтар кейін артыңан ертегілер
Үндеме
Айтасың кімге не?!
Сыр сақтай алмайтын
Жандарға дым деме.
Үндеме
Боп қалса бірдеңе,
Сөзіңді қолданар
Басқаша мүддеде.
Жақын тартқан адамың,
Ойнақшытып жанарын
Отырады мін іздеп әңгімеңнен.
Кейбір достар сатпайды
Сырларыңды жаттайды
Басу үшін соңында жанды жерден.