Жылдарды уақыт сырғытты.
Бүл күнді қанша жыл күтті.
Түлектер бүгін бас қосты,
Сақтаған ауыз бірлікті.
Ойнаңдар күліп бір күнге,
Ұмытып күйбең тірлікті.
Бұл күнді бар деп жоспарда.
Жетелеп жүрген көшті алға.
Арнадым осы әнімді,
Сыныптас құрбы достарға.
10 жылдық, 20 жылдықта,
30 жыл, 40 жылдықтан
Жетіңдер 50 жылдыққа,
Бауырың бүтін, бас аман.
Жүзінде әжім сызық бар.
Саусақта бір-бір жүзік бар.
Тірегі қазір бір үйдің,
Баяғы тентек бұзықтар.
Қайтадан бүгін айтылар,
Мектепте қалған қызықтар.
Бұл күнді бар деп жоспарда.
Жетелеп жүрген көшті алға.
Арнадым осы әнімді,
Сыныптас құрбы достарға.
10 жылдық, 20 жылдықта,
30 жыл, 40 жылдықтан
Жетіңдер 50 жылдыққа,
Бауырың бүтін, бас аман.
~ КаптейнСтар ~