Әні: Айдын Сәндібай
Сөзі: Рамазан Амантай
Жан мен тәнің егіздей болып,
Жай бір сөзің лебіздей болып.
Жанарыңның бір тамшы жасы,
Көрінеді теңіздей болып мағаан.
Ай менен күн ауадайсың сен,
Жаны таза баладайсың сен.
Көрген адам сүйіп калатын,
Адам сүйген хауадайсың сен маған.
Таусылды ма ерік жігерің,
Мұңға батып неғып жүдедің.
Қайғың болса бере ғой маған,
Ауырсыншы менің жүрегім.
Ауырмасын сенің жүрегің,
Ауырмасын сенің жүрегің.
Таусылды ма ерік жігерің,
Мұңға батып неғып жүдедің.
Қайғың болса бере ғой маған,
Ауырсыншы менің жүрегім.
Ауырмасын сенің жүрегің,
Ауырмасын сенің жүрегің.
Бірге шығып жаңа таңыммен,
Әлемге нұр тарата білген.
Күн жүзіңді неге жасырдын?
Ақша бұлттай алақаныңмен жаныым.
Өмір тұрар көңілге қарсы,
Кім тұрады өмірге қарсы?
Бауырыма басайын сені,
Жылап-жылап жеңілдеп алшы жаным.
Орындалар көңіл қалауың,
Жаныңда ғой сенің де адамың.
Қайғың болса береғой маған,
Жыласыншы менің жанaрым.
Жыламасын сенің жанарың,
Жыламасын сенің жанарың.
Орындалар көңіл қалауың,
Жаныңда ғой сенің де адамың.
Қайғың болса береғой маған,
Жыласыншы менің жанырым.
Жыламасын сенің жанарың,
Жыламасын сенің жанарың.
Таусылды ма ерік жігерің,
Мұңға батып неғып жүдедің.
Қайғың болса бере ғой маған,
Ауырсыншы менің жүрегім.
Ауырмасын сенің жүрегің,
Ауырмасын сенің жүрегің.
Орындалар көңіл қалауың,
Жаныңда ғой сенің де адамың.
Қайғың болса береғой маған,
Жыласыншы менің жанaрым.
Жыламасын сенің жанарың ,
Жыламасын сенің жанарың.
~ КаптейнСтар ~