Құмған алған,
Суға барған,
Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған, Қуған арман.
Құлынымды сағындым.
Түйнектер мен Жuдек терген,
Нуларымды сағындым.
Үйректермен Иректелген,
Суларымды сағындым.
Тынып тіптен, Түлік біткен,
Жусағанын сағындым.
Жиі беттен Сүйіп өткен,
Қыр самалын сағындым.
Безінбейтін, Сезінбейтін
Аңғал кезді сағынды.
Өзім дейтін, Сезім дейтін -
Жанған көзді сағындым...