Көрдім сені міне тағы өте шықтың қасымнан
Жайнап тұрған бақшадағы қызғалдақтай ашылған
Қос жанарың жаутаңдап маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды сүйсем деген елесің
Қинамашы жүректі қарамашы жаутаңдап
Бұл өмірде сенен артық жоқ қой маған махаббат
Сүйем деген бір сөзіңді айта берші қайталап
Өзіңменен бірге жүрсем жас жүрегім жай табам
Қос жанарың жаутаңдап маған қарай бересің
Көз алдымнан кетпей қойды сүйсем деген елесің
Қинамашы жүректі қарамашы жаутаңдап
Бұл өмірде сенен артық жоқ қой маған махаббат
Енді міні уақыт жетті кетерміз біз жан жаққа
Кетерсің сен басқаменен мені тастап басқаға