Сен жүрген жаққа елеңдеп,
Бір хабар тұрса сенен кеп
Күтетін едім көзіңді сенің көрем деп.
Сен жақтан күтіп хабарды,
Көңілім болды алаңды.
Тағдырым мына толтырды мұңға жанарды
Қайырма:
Сенсізде көктем, күз келді,
Менсізде өмір өзгерді.
Ұқпаған екен, бұл жалған мына біздерді
Сенсізде таңым атады,
Менсізде күнің батады
Тек егіз жүрек бір-бірін іздеп жатады.
Бір бақыт ұшты сенен де,
Бір арман кетті менен де,
Айналдың өмір, одан соң күнім өлеңге
Тұйықтау кеттің төменге,
Үнсіздеу кеттің о неге?
Дауыстап келші, келетін болсаң егерде