Сен үшін зәулім шынармын,
Тамырын жайған мұнармын,
Аңсатып, талай шаршатып,
Сағынтып жүрген шығармын?!
Жан Ана Жан Ана Жан Ана
Арамыз кетті алыстап,
Шақыра алмайсың дауыстап,
Дүниенің барлық шаттығын,
Жүрсің-ау маған бағыштап!
Жан Ана Жан Ана Жан Ана
Мен үшін жаның көбелек,
Сағыныш болып себелеп,
Мұңайып кейде жүрсің бе,-
Хабарласпайды неге деп...
Жан Ана Жан Ана Жан Ана
Тілеуің сенің таңғы үміт,
Жүремін үзбей ән қылып,
Тірлікте өзің тіреген
Жүрегім бірге мәңгілік!!!
Жан Ана Жан Ана Жан Ана, Ана