Бауыржан Өскенбеков Ескі пеш Ожидает модерации

00:00 / 04:02
Loading
Скачать
0
56
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус
Свойства файла: 9,2 Мб 320 кбит/с
Загружено: Galimolda @ 17.03.24
Текст песни «Ескі пеш»
  
ЕСКІ ПЕШ
Абдрахман Белғожаев
Әнін жазған Бауыржан Өскенбеков

Әлі есте ғой ескі пеш, ескі шәугім,
Көсеумен тіреуші едік пештің аузын.
Сол пештің түбінде өскен ұл-қыз бүгін,
Қаладағы пәтерге көшті зәулім!

Пеш алдына жиналған есте отын көп,
Сол пеште жанды қыстың көп кешінде от.
Бәріміз де өстік қой бала шақта,
Ескі пештің пісірген кеспесін жеп!

Таң ата үй тоңазып кетпесін деп,
Балаларға қысқы ызғар жетпесін деп,
Анам байғұс жүретін балалардың,
Көрпесін қымтап, суық өтпесін деп!

«Ас-суға жасамаңдар көп кесір»- деп,
Беретін қайда ата-анам ет те сүрлеп!?!
Есіңде ме, сен де ескі пеш қасында,
Балалықтың қызығын кешкесің көп?

Қайран ауыл, жайлауы шөптесін көк,
Білдірмейді заманға өкпесін көп!
Тілейік бізді өсірген ескі үйдегі,
Ескі пештің түтіні өшпесін деп!
Текст добавлен: Galimolda
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.