Әні: Айдын Сәндібай
Сөзі: Рамазан Амантай
Қозы Баян уайымға батпағанда
Әкелері серттерін сақтағанда
Есімдері тарихта қалар ме еді
Төлегенді Бекежан атпағанда
Қыз Жібекті аса бір ұнатпағанда!
Қосыла алмағанымыз - 2р, дұрыс болды:
Кино, кафе, парк пен бақтағы қыз
Бөлек-бөлек күн кешіп жатқанымыз
Ғашықтардай әйгілі мүмкін біздің
Мүмкін біздің
Қалып кетер тарихта аттарымыз!
Естай-Қорлан семья боп көктегенде
Еңлік-Кебек көз жасын төкпегенде
Есімдері жетер ме ед бұл ғасырға
Ләйлі сұлу Мәжнүнге ұзатылып
Мәжнүн ғашық жынданып кетпегенде!..
Қосыла алмағанымыз - 2р, дұрыс болды:
Кино, кафе, парк пен бақтағы қыз
Бөлек-бөлек күн кешіп жатқанымыз
Ғашықтардай әйгілі мүмкін біздің
Мүмкін біздің
Қалып кетер тарихта аттарымыз!