Тәтті күндер умытылмай
Арманым боп өтесіңбе
Сағындырып жыл құсындай
Алысқа ұшып кетесіңбе
Қоштасуға қия алмаймын
Ойлайсың ба бәрін де оңай
Сенсіз менің біле алмаймын
Болатынын қалім қалай
Қайырмасы:
Қашан қуып жетемін деп
Қуалайды күн айды
Ай жеткізбей кетемін деп
Қуған сайын ұзайды
Ет жүрегім езілген
Шыдамайды жылайды
Айырылсам өзіңнен
Жүрек қайтып шыдайды
Жазиралы жанарыңда
Мейірім бар тұнып тұрған
Еркелігің маған мына
Бар қайғымды ұмыттырған
Зарықтырған сағынышым
Кешір мені өкпелетсем
Сені алып қалу үшін
Жарығым ай не істем екен
Қайырмасы: