Сап-сары, мұңға малынып
Қалам жабығып, кенеттен
Ақтарып, сезім парағын
Сені табамын, жүректен
Өзіңе байланған менің жүрегім
Іздеп жүремін, алыстан
Аңсап туған үйді
Ой маза бермейді
Кеудемді кернейді
Кейде, кейде (2 рет)
Өзіңде, өткен өзіңде
Толы сезімге, бал шағым
Кезінде, ойнап едім мен
Достармен күлген, аулаңда
Оралмас күндердің болдың куәсі
Мәңгі тұрасың, кеудемде
Аңсап туған үйді
Ой маза бермейді
Кеудемді кернейді
Кейде, кейде (2 рет)