Тұлпарда бар шабамын деп құлаған
Сұңқарда бар биігінде жылаған
Құлағанда сүріңгенде демейтін
Керек екен керек екен бір адам
Керек екен бір адам
Керек екен керек екен бір де тұрып құлаған
Керек екен керек екен бірде күліп жылаған
Жағдайыңды шын сұрайтын өмірде
Керек екен керек екен
Бір адам
Тірісінде тірлік етер тірі адам
Қайда жүрсең жолың ашық жүр аман
Керек екен жолыңада қарамай
Барың үшін қуанатын бір адам
Қуанатын бір адам
Керек екен керек екен
Бар жақсыны сұраған
Керек екен керек екен
Денсаулығың дін аман
Жалғыздықтан көкте жауған алтыннан
Одан артық сені ұғатын
Бір адам
Керек екен керек екен бір де тұрып құлаған
Керек екен керек екен бірде күліп жылаған
Жағдайыңды шын сұрайтын өмірде
Керек екен керек екен
Алыс жақын жүре біле өзгерер
Өміріңнің мазмұныда өзгерер
Сүріңгенде мұңайатын күн болсай
Жеңісіңе шын қуанар кез келер
Керек екен керек екен
Бір адам.