Үнін тыңдап жүрегімнің біртүрлі,
Жайын ұғып көр жағдайымның күлкілі.
Байқамайсың неге,
Көрінбей ме әлде көзімнен?
Естімейсің мені,
Жауап қатшы енді сұранайын!
Көлеңкең болайын,
Енді не қылайын айтшы маған өзің?
Ізіңнен қалмайын,
Қатемді жуайын,
Кешір мені, күнім!
Қатігез болма,
Сабыр сақта асықпа,
Тек нүкте қойма,
Сала берме ашуға.
Байқамайсың неге,
Көрінбей ме әлде көзімнен?
Естімейсің мені,
Жауап қатшы енді сұранайын!
Көлеңкең болайын,
Енді не қылайын айтшы маған өзің?
Ізіңнен қалмайын,
Қатемді жуайын,
Кешір мені, күнім!
Көлеңкең болайын,
Ізіңнен қалмайын,
Кешір мені, күнім!