Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...
Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам,
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары.
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі.
Жүректе - қайғы, баста - мұң, көңілде - қырау,
Оңай ма, жаным, жаныңда қайғы ауыртқасын.
Жүретін кезім бола ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?!
Жанардан ұштың, жасын күн - базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған.
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...