Анамда бар әкемде бар менің
Шүкір айтам аллаға сансыз
Ақыл айтар таусылмайтын кенім
Не істер едім бұл екі жансыз
Жетеледің жетектедің мені
Қолда барды аямадың сен
Ана-әке жақсы көрем сені
Жүректерің жұмсақ сондай кең
Қайырмасы
Разы болсын алла сізге ана
Өмір беріп өсіргеніңе
Разы болсын алла сізге әке
Бар қатемді кешіргеніңе
Тағзым етем алдыңызда ана
Ақ сүтіңді ақтай алам ба
Тағзым етем алдыңызда әке
Сүйеу болған мына ғаламда
Ұрпағына ақ үмітін артып
Асыр салып шапқаным үшін
Ақ бесіктей әлдиіңе балқып
Мәпелетіп баққаның үшін
Ардақты әке жырақтасың жаным
Сағыныштың күйін шертемін
Бір алланың арқасында бәрі
Орны бөлек асыл әкемнің
Қайырмасы
Разы болсын алла сізге ана
Өмір беріп өсіргеніңе
Разы болсын алла сізге әке
Бар қатемді кешіргеніңе
Тағзым етем алдыңызда ана
Ақ сүтіңді ақтай алам ба
Тағзым етем алдыңызда әке
Сүйеу болған мына ғаламда