Сезім сөнбей мәңгі.
Саған арнайм әнді.
Жете алмай келем саған.
Кеуде тұста сақтай
Көктем күткен құстай.
Көздерім көзіңді сағынды.
Сені сүйген күннің нұры.
Мен ұнатқан қырдың гүлі.
Жүзің нұрлы, сондай сұлу.
Қай анадан кімнің қызы.
Мөлдір шықтай таңғы.
Таптым сендей жанды.
Сый қылып берген ғалам.
Аққу қонған көлдей.
Басқа бақыт көрмей.
Тек саған байладым жанымды.
Сені сүйген күннің нұры.
Жаны нәзік қырдың гүлі.
Жүзің нұрлы, маған деген.
Көзқарасың сондай жылы.