Әбдіжаппар Әлқожа Жаным әпке Ожидает модерации

00:00 / 04:22
Loading
Скачать
0
18
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус
Свойства файла: 10 Мб 320 кбит/с
Загружено: Медет Хамитов @ 10.09.23
Текст песни «Жаным әпке»
  
Мейірмен бауырларын көп демеген
Қамқоры әрбір үйдің әпке деген
Таңдайдан төгіледі тәтті жырың
Арнайы айтпағанмен мақтау керім
Ініңнің түзеп қанша әттегенін
Жеткіздің төбемізді көкке дерім
Бауырын бар бақыттан артық көрген
Білгенге әпке емес пе бақ дегенің

[Қайырмасы]
Тап басып таланты бар тасқын ұлды
Тұлпар қып топқа қостың хас дүбірлі
Бізде өссін, бой түзесін, есейсін деп
Бейнетке жұмсадың-ау жастығыңды
Қазақтың даласына әні жеткен
Сән әпкем, жарық әпкем, жаным әпкем
Тәнті қып алты алашты жүре берші
Бойыңа Алла берген қабілетпен


Жан әпке шуақ шашып, көзіңде Күн
Жетелер биіктерге сөзің керім
Өмірде, өнерде де үлгі болған
Жол сілтер бағдаршамым өзім менің
Өзіңмен бірге өсті бақ, бедел де
Айналдың алуан-алуан тәтті өлеңге
Бауырын бар бақыттан артық қойған
Ескерткіш қою керек әпкелерге

[Қайырмасы]
Тап басып таланты бар тасқын ұлды
Тұлпар қып топқа қостың хас дүбірлі
Бізде өссін, бой түзесін, есейсін деп
Бейнетке жұмсадың-ау жастығыңды
Қазақтың даласына әні жеткен
Сән әпкем, жарық әпкем, жаным әпкем
Тәнті қып алты алашты жүре берші
Бойыңа Алла берген қабілетпен
Текст добавлен: Медет Хамитов
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.