Адалдығы сезіліп, қалса біреу кезігіп,
Жақсы көрдім ет жүрегім езіліп.
Арамдығы сезіліп, қалса біреу кезігіп,
Амалсыздан кеттім безініп.
Кімді жылаттым, кімді жұбаттым,
Жауабы жоқ осы сұрақтың.
[Қайырмасы]
Жүрек құрғыр жүрексініп соғады,
Кімді сүйді, кімге тиді обалы?
Сүйгенімен көрінеді сүйкімді
Иманымен көрінеді жоғары.
Алланы сүй, адамдарды жақсы көр,
Ей, кеудемнің ең құрметті қонағы.
Қуанғаннан жүгірмей, қиналғаннан түңілмей,
Соғасың-ау соққы алғаның білінбей.
Сабыр берші, Құдірет,
Жүрек деген жұмыр ет,
Тынышталсын бала күнімдей.
Менің жүрегім, менің жүрегім,
Өзім ғана емін білемін.
[Қайырмасы]
Жүрек құрғыр жүрексініп соғады,
Кімді сүйді, кімге тиді обалы?
Сүйгенімен көрінеді сүйкімді
Иманымен көрінеді жоғары.
Алланы сүй, адамдарды жақсы көр,
Ей, кеудемнің ең құрметті қонағы.
[Қайырмасы]
Жүрек құрғыр жүрексініп соғады,
Кімді сүйді, кімге тиді обалы?
Сүйгенімен көрінеді сүйкімді
Иманымен көрінеді жоғары.
Алланы сүй, адамдарды жақсы көр,
Ей, кеудемнің ең құрметті қонағы