АТЫРАУ АРУ ҚАЛАМ
Өлеңi Жоламан Дәулетиярдiкi
Әнi Есенболат Бiләловтiкi
Жайықты жағалаған алып шаhар,
Шығыстан арайланып таңы да атар.
Көңiлдiң пернелерiн қаққан әсем
Сезiмiм сол сәтiнен шабыттанар.
Қайырмасы:
Жайнашы, жайна, Атырауым,
Қиқулар құсың жан-жақтан.
Сапарлап шықса алысқа ұл-қыздарың
Сағыныш сезiмдерi сенi аңсатқан.
Көркiңде көңiлдерге қалмас сiңбей,
Көрiндiң уақыттың өлшемiндей.
Жаңарған келбетiңе қуанамын
Егемен елiмiздiң бөлшегiндей.
Қайырмасы:
Сан ұлттың тату бiр мекенi,
Өндiрiс тартқан iрге тегi.
Еңбек пен өнер-бiлiм серiк болған
Жастарың сенiмiмдi гүлдетедi.