Қуандық Рахым Таба нан Ожидает модерации

00:00 / 03:44
Loading
Скачать
0
2
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 5,1 Мб 192 кбит/с
Загружено: Yermek_Qazaq @ 15.05.23
Текст песни «Таба нан»
  
Тағдыры ұқсас осы елмен түтіннен бұлттар тарайтын,
Тезектің шоғын көсеумен табаға сәндеп қалайтын.
Ол кезде мүлде бөлек ек, ол кезде мұң да – бүтін мұң,
Иісі қандай керемет тезектен шыққан түтіннің.

[Қайырмасы:]
Дүние түгел балқитын шұғыла шашып таңынан,
Сағыныш иісі аңқитын анамның таба нанынан.
Шаттық та жиі қонатын, сөнбейді мәңгі санадан,
Керемет дәмді болатын анашым жапқан таба нан.

Көктемі – көркем, жазы – бақ, сағынам сол бір таң нұрын,
Тезектен қалған ажырап, таба нан – менің тағдырым.
Көктемгі күндей жаңбырсыз мұңаям кейде азырақ,
Біз де – бір бейбақ тағдырмыз ауылдан қалған ажырап.

[Қайырмасы:]
Дүние түгел балқитын шұғыла шашып таңынан,
Сағыныш иісі аңқитын анамның таба нанынан.
Шаттық та жиі қонатын, сөнбейді мәңгі санадан,
Керемет дәмді болатын анашым жапқан таба нан.
Текст добавлен: Yermek Qazaq