Әні,сөзі : Нуржан Омаш
Асылым - ай
Селт еткен сырлы әуен жанды тербетеді
Сезімсіз кейде сенімдерді селдетеді
Сағыныш самалымен желпіп ғашықтарды
Сұлуы,көркем мінезімен емдетеді
Қ/сы:
Арманым менің асылым ай
Ардағым менің ғашығым ай,
Алаңсыз өткен күндерімді,
Өзіңе ән қып тасыдым ай
Есіме бірде ескі әуен келеді
Жүректі тербеп әсем әуен естіледі.
Би кештің сұлу ханшайымы бір өзіңсің,
Өзіңді құшып күндерімді өткім келеді.