Ұнатамын мен сені дегенменен,
Көрмегенді өзгеден сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егер де мен
Қ-сы.
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын.
Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана еркіңе бас алдырып,
Бұға берем, не деген жасандылық?
Қ-сы!
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын..
Ұнатамын мен сені бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.
Қ-сы
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын..