Белые розы” тербеткен би алаңы
Шатунов сүйген ол гүлдер- киял әні.
Ал менің сүйген аруым- қызыл раушан,
Гүлім- Әсем, Раушан.
Қайырмасы:
Жанымды менің жаулаған қызыл раушан,
Бақытқа сені балар ем қызым болсаң.
Өзіңе арайлым,
Бағым деп қараймын.
Жанымды менің жаулаған қызыл раушан,
Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам.
Нәп- нәзік бұралған,
Өзіңсін гүл- арман.
Біз биледік әуенге “Ласковый май”
Баста тұрмас аяулы жастығым- ай.
Қызыл раушан- құлпырған сенсің бағым,
Сенсің, сенші, жаным.
Қайырмасы:
Жанымды менің жаулаған қызыл раушан,
Бақытқа сені балар ем қызым болсаң.
Өзіңе арайлым,
Бағым деп қараймын.
Жанымды менің жаулаған қызыл раушан,
Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам.
Нәп- нәзік бұралған,
Өзіңсін гүл- арман. Х2