Қайта келмес көктемді
Кімнен сұрап өтінем
Естен алып өткенді
Өкінемін өкінем
Мазалайды жүректі
Жаныма жеткен тылсым күш
Өмірімді мұң етті
Орны толмаc өкініш
Қайырмасы:
Ай өкініш, ай өкініш
Орны толмас өкініш
Ай өкініш ,ай өкініш
Арылмайтын өкініш
Қимай сені басқаға
Жанарымнан жас тамар
Өкінішті мендегі
Түсінбейді басқалар
Өкініштен қанатым
Сынғандай боп күрсіндім
Жүректегі сағатым
Жоғалтқандай дүрсілін
Қайырмасы:
Ай өкініш, ай өкініш
Орны толмас өкініш
Ай өкініш ,ай өкініш
Арылмайтын өкініш