Көрдің бе арайлы таң атқанын
Әлемге шуақ, нұр таратқанын
Сол менің асығып саған қарай
Жарықпен жарысып баратқаным
Ақтардың өткен күн парақтарын
Білмеппін сөзімде ағат барын
Ант беріп қойыппын ұмытам деп
Кешірші антымнан тағы аттадым
Қайырмасы:
Жалғызымсың, жалғызыңмын
Аяулымсың, аяулыңмын
Сен мені түсінген жалғызымсың
Атыңа затыда сай адамым
Келеді тек сені аялағым
Қайтайық жүр жаным қол ұстасып
Аралап махаббат саябағын
Сезімнің жалынды сәлемісің
Ғажайып ертегі әлемісің
Сыйлар ем мен саған бір құшақ гүл
Сен бірақ гүлденде әдемісің
Қайырмасы:
Жалғызымсың, жалғызыңмын
Аяулымсың, аяулыңмын
Сен мені түсінген жалғызымсың
Гүлдердің ашқандай қауыздарын
Құстардың жайғандай қанаттарын
Толқынып толқындай сезінейік
Жылдардың қоштасып баратқанын
Қайырмасы:
Жалғызымсың, жалғызыңмын
Аяулымсың, аяулыңмын
(Сен мені түсінген жалғызымсың)*2
Қайырмасы:
Жалғызымсың, жалғызыңмын
Аяулымсың, аяулыңмын
(Сен мені түсінген жалғызымсың)*3