Сонау жыл ала дорбамен
Аттанып кеткем жолға мен
Кішкентай ғана ауылда
Үп-үлкен жігіт болған ем
Қайырмасы:
Көңілсіз өтті қанша күн
Қаладан әбден шаршадым
Әндетіп қырдың басында
Қой баққан күнді аңсадым
Ауылға қайтқым келеді
Ауылда тудым себебі
(Табылмай қойды қаладан
Жанымның нағыз керегі)*2
Арманым еді менің бұл
Тілегі бірге көңіл бір
Достарымды ертіп қасыма
Ауылға кеткім келіп жүр
Қайырмасы:
Өтседе жылдар арада
Үйренбей қойдым қалаға
Боз жусан иісі аңқыған
Көңілі құрғыр далада
Арайлап атқан әр таңым
Сүйеді сені-ау жан тәнім
(Жүгімді жинап бір күні
Ауылым саған тартамын)*2
Қайрмасы:
Ауылға қайтқым келеді
Ауылда тудым себебі
Табылмай қойды қаладан
Жанымның нағыз керегі
Арайлап атқан әр таңым
Сүйеді сені-ау жан тәнім
(Жүгімді жинап бір күні
Ауылым саған тартамын)*2